Бас жүлде

Әр санаттың бір ғана жеңімпазы болады.

Екі санат бойынша жеңіп шыққан екі жеңімпаз Ұйымдастырушының есебінен актерлік шеберлік курсын оқиды.

Бітіру емтиханы нәтижесіне қарай оларға фильмде кепілдендірілген рөл беріледі.

Жеңімпаздардың фильмде қандай рөлді ойнайтыны бітіру емтиханының қорытындысына байланысты болады.

Егер 5 балл алса – фильмдегі басты немесе негізгі рөлдердің бірін алады,

4 балл – екінші пландағы рөлді алады,

3 балл – эпизодтық рөлде ойнайды.