«JANASTAR» байқауы

«JANASTAR» — дарынды жастарды іздеу бойынша әдеттегі байқаулар мен шоулардан түбегейлі өзгеше супержоба.

Біз, киноға түсіру үшін әлі экранға шықпаған жаңа дарындарды іздейміз.

Үлкен экранға шығудың, еліміздің елеулі продюсерлері мен режиссерлерімен жұмыс істеудің бірден бір жолы – айрықша актерлік қабілеттің болуы.

Сонда ғана әділ бәсекеде өз мақсатыңа жетіп, миллиондаған көрерменнің көңілін жаулай аласың.    


Байқауға қатысу

Бұл байқауға екі түрлі санатта қатысуға болады: «Grant» және «Commerce».

«Grant» санаты бойынша байқауға қатысушылар, «TikTok» әлеуметтік желісіндегі парақшасына #JANASTARFILM хэштегін жаза отырып өзінің видео жұмысын салады.

Міндетті түрде байқау ұйымдастырушысының ТикТок аккаунты:@janastarfilm көрсетілуі тиіс.

«Commerce» санаты бойынша байқауға қатысқысы келетіндер, өз жұмысын www.janastar.kz сайтына салады.

Байқауға арналған видеоны Яндекс немесе Google дискке жүктеу. Ұйымдастырушыға осы видеоның сілтемесін беру. Міндетті модерациядан өту.

Бірден екі санат бойынша да байқауға қатысуға БОЛАДЫ.

Жеңімпаздарды анықтау механизмі

Көрерменнің дауыс беруі арқылы «Grant» және «Commerce» санатының әрқайсысының бір жеңімпазы анықталады.

«Grant» санаты бойынша жеңімпазды анықтау үшін, қатысушының «TikTok» әлеуметтік желісіндегі парақшасына #JANASTARFILM хэштегін жаза отырып салған видео жұмысының жинаған «лүпілінің» саны есептеледі.

«Commerce» санаты бойынша жеңімпазды анықтау үшін, қатысушының www.janastar.kz байқау сайтына салған видеосының жинаған «Жұлдызының» саны есептеледі.

Жұлдызды белгілі төлем жүйелері арқылы немесе төлем қабылдайтын басқа да жүйелер арқылы сатып алуға болады.